Апта ішінде ел аумағында 5863 қылмыс жасалды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Апта ішінде ел аумағында 5863 қылмыс тіркеліп, оның 2772-сі «ізі суымай» ашылды.

Апта ішінде ел аумағында 5863 қылмыс жасалды

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.

Бұрын жасалған 688, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 174 қылмыс әшкереленді. Іздеу жарияланған 101 қылмыскер іздестіріліп табылды.

«6 дана қару тәркіленіп, 98 есірткі қылмысы анықталды, оның 45 - сату фактісі. 22 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 3 келі 400 грамы - героин»,-делінген таратылған мәліметтерде.