Апта ішінде еліміздің аумағында 3 306 қылмыс тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 306 қылмыс тіркелді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бір апта ішінде 3 306 қылмыс жасалды. Оның 2 272-сі тәулік ішінде ашылды», - деді ресми өкіл Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Нұрділдә Ораздың дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 40 тонау және 558 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.
Естеріңізге сала кетсек, оның алдындағы аптада республика аумағында 3 225 қылмыс жасалып, оның 2 222-сі тәулік ішінде ашылған болатын.