13:16, 12 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Апта ішінде «ізі суымай» 3 272 қылмыстың беті ашылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5942 қылмыс тіркеліп, оның 3272-сі «ізі суымай» ашылды.

ҚР ІІМ мәліметінше, бұрын жасалған 664, оның ішінде өткен жылдардағы 20 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 102 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 6 бірлік қару-жарақ тәркіленді, 66 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 29 сату фактісі. 138 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 1,5 келісі - героин.