Апта ішінде тіркелген қылмыстар саны 7 мыңға жетті - ҚР ІІМ

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Апта ішінде 7 004 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 100 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

Атап айтқанда бұрын жасалған 713 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 82 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 104 қылмыскер ұсталып, 29 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 40 қылмыс анықталды, оның ішінде 19 сату фактісі. 16,5 келі есірткі заты, соның ішінде 3 келіден астам героин тәркіленіп алынды.

Соңғы жаңалықтар