Апта премьерасы: Отандық фильм Оңтүстік Кореяда көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада отандық киноқоржын екі жаңа туындымен толықты. Оның ішінде KESU экшн-драмасы Оңтүстік Корея кинематографистерімен бірлесіп түсірілген. Қазақстандық актерлер түскен туынды Оңтүстік Корея кинотеатрларында коммерциялық прокатқа шығады. 

Кинопремьеры недели: что смотреть в кинотеатрах Казахстана
Коллаж: Kazinform / ИИ

Сонымен қатар кинотеатр репертуарында шетелдік хоррорлар мен шытырман оқиғалы драмалар да бар. Балаларға арналған қызықты сюжетте құрылған мультфильмдер де аз емес. Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы ең басты кинопремьераларды ұсынамыз.

Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru

Kesu

Жанры: драма, боевик

Ұзақтығы: 113 минут

Ел: Қазақстан, 2026

Режиссер: Даулет Жұмабаев

Ұстазы жоғалып кеткен соң, қазақстандық таеквондо шебері мен Оңтүстік Корея чемпионы оны іздеп Сеулге аттанады. Алайда іздестіру барысында олар ұстазының өткеніне қатысты қауіпті құпияның бетін ашады.

Бойдақтар кеші: Соңғы түн, (Мальчишник vs Девичник: Соңғы түн)

Жанры: комедия, романтика

Ұзақтығы: 79 минут

Ел: Қазақстан, 2025

Режиссер: Әлібек Абдухалик

Мансұр мен Зере үйлену той алдындағы бойдақтар кешін өткізбек болады. Кешті ұйымдастыруды Берік пен Серіктің ерекше компаниясына тапсырады. Олар келісімшартта кеш соңында қалыңдық пен күйеу жігіттің бір-бірін шынайы болмысымен танитынына кепілдік береді. Алайда жұп келісімшарттың шарттарын толық оқымай, сыйға берілген шампаннан бір ұрттаған соң, денелерімен алмасып кетеді. Осы сәттен бастап екеуін түрлі күлкілі әрі күтпеген оқиға күтіп тұр.

Меланхолия барокко

Жанры: драма, тарих, мелодрама

Ұзақтығы: 110 минут

Ел: Италия, Германия, 2021

Олег Борецкийдің киноклубы. Қонақ — Мемлекеттік симфониялық оркестрдің бірінші скрипкашысы Александр Тхай. Барокко музыкасы — классикалық өнердің айрықша кезеңі. Гендель, Вивальди мен Бахтың шығармалары XVIII ғасырдың рухын танытып, мұң мен сағыныштан бастап, асқақ қуанышқа дейінгі сезімдерді жеткізеді. Бұл музыкада тылсым сыр мен терең эмоция астасып жатыр.

Жел перзенті, (Дитя ветра)

Жанры: шытырман оқиғалы фэнтези

Ұзақтығы: 93 минут

Ел: Оңтүстік Корея, 2021

Режиссер: Син Чхан Сон

Ёндын — желдің күшіне ие болған Ёджон қызы. Муган мен Джиме бастаған қарақшылар «Қасиетті жел маржанын» иелену үшін Тамраға шабуыл жасайды. Жергілікті тұрғындар қарсылық көрсеткенімен, қарақшылардың алып роботы «Қызыл Они» қорғанысты бұзады. Осы уақытта аңызға айналған маржанды іздеген экспедиция қарлы таудағы дауылға тап болады. Маржан табылған сәтте қуатты энергия бөлініп, топты алапат дауыл жұтып қояды. Уақыт пен кеңістік бұрмаланған әлемде экспедиция мүшелері екі түрлі жолға түседі.

Қозғалтқыштаршайқасы, (Битва моторов)

Жанры: шытырман оқиғалы драма

Ұзақтығы: 144 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Илья Маланин

1908 жыл. Автокөлік әуесқойы Андрей Нагель инженер Дмитрий Бондаревпен бірігіп, «Руссо-Балт» көлігін құрастыруға кіріседі. Алайда жобаға қауіп төнгенде, Нагель батыл шешім қабылдайды. Ол көліктің мүмкіндігін дәлелдеу үшін әйгілі Монте-Карло раллиіне қатысады. Бұл қадам жобаның тағдырын шешуі мүмкін.

Құбыжықтарды қолға үйрету: Жаңа жылдық әбігер, (Как приручить монстров: Рождественский переполох)

Жанры: шытырман оқиғалы фэнтези, мультфильм

Ұзақтығы: 89 минут

Ел: Испания, 2026

Режиссер: Игнасио Кукукович

Ханна мен оның құбыжық достары алғашқы ортақ мерекесін асыға күтеді. Алайда зұлым Гаргулья жаңа жыл сиқырын иемденіп, адамдар мерекені ұмыта бастайды. Ханна жоғалған Мереке рухын тауып, Гаргулья мен оның адал серігі Циклоптан бұрын сиқырды қайтаруға аттанады. Эснамен бірге қауіпті сапарға шыққан Ханна достық пен бірліктің кез келген кедергіні жеңуге көмектесетінін түсінеді.

Көше жауынгері, (Street Fighter)

Жанры: боевик

Ұзақтығы: 125 минут

Ел: АҚШ, Жапония, 2026

Режиссер: Китао Сакурай

Рю мен Кен есімді көше жауынгерлері қайта кездесіп, жекпе-жек әлеміне оралады. Жұмбақ Чунь-Ли оларды World Warrior турниріне қатысуға шақырады. Алайда тартысты жекпе-жектердің артында қауіпті қастандық жасырынып жатыр. Жауынгерлер бір-бірімен шайқасып қана қоймай, өткен өміріндегі жайттармен де бетпе-бет келуге мәжбүр болады.

Қолыңды көтер 2, (Руки Вверх! 2)

Жанры: өмірбаяндық мелодрама, музыкалық фильм

Ұзақтығы: 100 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Алиса Шитикова

«Руки вверх!» тобына 30 жыл толған соң, Сергей Жуков балаларымен бірге жастық шағын еске алады. Алғашқы махаббат, асқақ армандар, достық, отбасы және үлкен сахнаға басталған жол — өткен күндердің жарқын естелігіне айналады.

Суасты достары: Рифті қорғау, (Подводная братва. На страже рифа)

Жанры: шытырман оқиғалы мультфильм, мюзикл, отбасылық фильм

Ұзақтығы: 91 минут

Ел: Германия, Чехия, Канада, 2025

Режиссер: Павел Грубос, Стивен Маджори, Реза Мемари

Жас Винсент — теңіздерді сиқырлы әнімен қорғаған әнші киттердің соңғы тұяғы. Мұздық еріп, одан теңіз тіршілігіне қауіп төндіретін құбыжық босап шығады. Винсент күңкілшіл балық Уолтер мен батыл косатка Дарьяға қосылып, мұхиттың ең терең тұңғиығына сапар шегеді. Ол өз күшіне сеніп, суасты әлемін құтқаруға тиіс.

Соңғы мөлшеріне дейін, (До последнего грамма)

Жанры: боевик, шытырман оқиғалы фильм, драма, криминал, триллер

Ұзақтығы: 115 минут

Ел: Германия, Канада, АҚШ, 2025

Режиссер: Падрик Маккинли

Мерфиді қызынан айырып, түрмеге қамайды. Түрме басшысы оған және бірнеше тұтқынға қауіпті алтын контрабандасына қатысса, бостандыққа шығуға мүмкіндік ұсынады. Мерфи келіседі. Алайда іске кіріскен сәтте адам ашкөздігінің алтыннан да ауыр екені айқындала түседі.

Бөтен ана, (Чужая мама)

Жанры: қорқынышты фильм

Ұзақтығы: 91 минут

Ел: АҚШ, Ирландия, 2026

Режиссер: Роб Сэведж

Бела сегіз жаста. Оның ата-анасы отбасылық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Ол шкафынан шыққан қорқынышты тіршілік иесіне тап болады. Қыз оны «Бөтен ана» деп атайды. Алайда уақыт өте келе жұмбақ мақұлық Беланың өзіне де, отбасына да қауіп төндіре бастайды.

Ұйқының құпия сөзі, (Код сна)

Жанры: драма, триллер, фантастика

Ұзақтығы: 96 минут

Ел: АҚШ, 2025

Режиссер: Мишель К. Паранди

Бакс цифрлық форматта түс көргендерін жазып ала алатын егіз әпкесі Эйприлді іздейді. Алайда бұл іздеу оны корпорациялар билеген, паранойя жайлаған әрі шындық пен түстің арасы ажыратылмайтын қауіпті әлемге жетелейді.

Жүрек сыбыры, (Шёпот сердца)

Жанры: аниме, драма, мелодрама, мультфильм

Ұзақтығы: 111 минут

Ел: Жапония, 2025

Режиссер: Ёсифуми Кондо

Сидзуку 14 жаста. Ол Токиода тұрады және бос уақытын кітап оқумен өткізеді. Бір күні ол кітапханада өзі алған кітаптардың бәрін бұған дейін Сэйдзи есімді біреудің оқығанын байқайды. Сөйтсе, ол — параллель сыныпта оқитын бала екен. Алғашында Сидзукуға ол ұнамайды. Алайда уақыт өте келе екеуі жақындай түседі. Сэйдзидің скрипка шебері болуға ұмтылысы қызды да өз арманын іздеуге жетелейді. Сидзуку антикварлық дүкеннен көрген мысық мүсіні — Барон туралы хикая жазуға кіріседі.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.