Апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде осы апта ішінде бірқатар кадрлық тағайындау мен қызметтік өзгеріс болды.

Тағайындау
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, Үкіметтің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.

Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған.

2004–2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарын атқарды.

2006 жылдан 2010 жылға дейін — ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.

2010–2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылы — ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы.

2012–2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, кейінірек ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас сарапшы.

2013–2014 жылдары — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.

2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары.

2016–2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры.

2017–2019 жылдары — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2019–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар қала әкімінің өкімімен Азамат Бұхарбайұлы Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне кірісті

Азамат Бұхарбайұлы 1991 жылғы 29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында туған, білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық Заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — есеп және аудит, құқықтану.

Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2014-2016 жж Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласында мемлекеттік кірістер басқармасында жауапты қызметтер атқарды.

2016-2017 жж — Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы.

2017-2018 жж — Шымкент қалалық әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы.

2018-2020 жж — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2020-2025 жж — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары.

2025 жылдың 1 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып Ардақ Байымбетов сайланды

Ол 2001 жыл Көкшетау экономика және менеджмент институты, 2013 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудит бөлімінің бас сарапшысы — мемлекеттік аудиторы,

Мемлекеттік басқару және әлеуметтік сала аудиті бөлімінің адами капиталды дамыту аудиті секторының бас консультанты — мемлекеттік аудиторы, Әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп аудиті бөлімінің адами капиталды дамыту аудиті секторының бас консультанты — мемлекеттік аудиторы және өзге де қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры — мемлекеттік аудитор болды.

Өңір әкімінің өкімімен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне Ерболат Омаров кірісті.

Ерболат Омаров 1982 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2001 жылы сот органдарында және мемлекеттік қызметте заңгер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары және басшысы, Мақат ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ғалымжан Әубәкіров Петропавл қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ғ. Әубәкіров 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Қызылжар, Уәлиханов, Есіл және Тайынша аудандарының прокуроры қызметін атқарды.

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Александр Трикачев Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

А.Трикачев 2000 жылдан бастап прокуратура органдарында еңбек етіп келеді. Әр жылдары Петропавл қаласы прокурорының орынбасары, прокуроры, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның және Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2023 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды.

Ал бұған дейін Петропавл прокуроры болған әділет кеңесшісі Тыныбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Т. Сапаров 2009 жылдан бастап прокуратура органдары жүйесінде еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Медет Қафизов Тайынша ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

М.Қ. Қафизов прокуратура органдары жүйесінде 2015 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Президенттік жастар кадрлық резервінде тұр.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары лауазымына Нұртас Кәріпбаев тағайындалды. 

Нұртас Ғалымұлы 1986 жылы туған.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.

«Болашақ» бағдарламасын Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде «Басқару және мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен аяқтаған.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Қарағанды облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.

2011 — 2013 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.

2022-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды.

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін сол комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары ретінде экономика, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мемлекеттік сатып алу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларына жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, меритократия қағидатымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы тағайындалды

Қайыпбек Қанат 1984 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданында туған. Білімі — жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің көшіру-көбейту техникалар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

2005-2009 жылдары осы департаменттің сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманының м. а., сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы, сондай-ақ аталған департаменттің жиынтық-сараптамалық бөлімінің бас маманы болған.

2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2020 жылы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған.

2021 жылдан бері Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы қызметін атқарып келді.

Қайыпбек Қанат облыс әкімінің орынбасары ретінде Кәсіпкерлік және сауда, Мемлекеттік сатып алу, Қаржы және мемлекеттік активтер, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмыстарына жетекшілік етеді.

Еске сала кетейік, өткен аптада ішінде Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс, жергілікті және орталық атқарушы органдарда да жаңа тағайындаулар болды.

Соңғы жаңалықтар