Апта соңында доллар бағамы 540 теңгеге жетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге қымбаттап, 540,84 теңге болды. Ұлттық банктің 12 қыркүйекке ресми бағамы – 538,89 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,61 теңгеден сатып алынады, 541,51 теңгеден сатылады. Еуро 632,42 – 636,01 теңге, ал рубль 6,32-6,46 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 538,72 теңгеден сатып алынады, 543,72 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 629,74 теңге, сату – 637,74 теңге;
– рубль: сатып алу – 6,29 теңге, сату – 6,49 теңге.
Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,08 теңгеден сатып алынады, 543,04 теңгеден сатылады. Еуро 628,54 – 634,38 теңге, ал рубль 6,30 – 6,40 теңге аралығында саудаланады.
Еске салайық, 11 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,65 теңгеге қымбаттап, 538,89 теңге болды.