Аптадағы прьемералар: елдегі кинотеатрлардан не көруге болады

Жаңа апта басталғанда көрермен кинопремьера күтіп, елеңдеп отырады. Kazinform агенттігінің тілшісі таяу күндері көпшілік назарына ұсынылатын фильмдерге шолу жасайды. 

Аптадағы прьемералар: елдегі кинотеатрлардан не көруге болады
Коллаж: Kazinform

Ауру

Бұл қазақстандық драмалық триллер. Азамат пен Таңшолпан — жас отбасы. Олар қарызға белшесінен батып, тығырықтан шығар жол іздейді. Сол кезде Азамат әйелінің айықпас дертке шалдыққанын елестетіп, «емге» деп ақша жинауды жоспарлайды. Алғашында адам жанын ауыртатын бейнеролик түсіріп, жалған құжат жасатады. Сол кезде есепшотқа ақша түсе бастайды. Кейін құнығып кетіп, ерлі-зайыпты өзі қазған орға өзі түседі. Әр қадам сайын сәтсіздікке ұшырап, бәрі де алдынан шығады.

Алдау елесі 3

Озық ойлы төртеу экранға қайта оралды. Бұл жолы олар сиқыр, технология, алдап-арбаудың жаңа үлгісін көрсетеді. Төрттік қайта жұмылды, жанына өздері секілді жас сиқыршыларды қосып алды. Сөйтіп қылмыс әлемінің серкесіне тиесілі әлемдегі ең үлкен алмазды ұрлайды.

Алло

Өз өміріне өзінің көңілі толмай жүрген Сабыр ескі телефон тауып алып, күтпеген жерден қоңырау шалады. Сөйті 2004 жылмен байланыс орнады. Өткенді өзгертіп, жіберген қателіктерін түзетпек болған ол тұтқаның арғы жағындағы өзіне ақыл-кеңесін бере бастайды. Бірақ бұл өзгеріс бүгінгі өзіне кері әсерін тигізіп, құлдырайды.

Қашқын адам

28 жастағы Бен Ричардс ауыр дертке шалдыққан қызын емдету үшін «Қашқын адам» қауіпті реалити-шоуына қатысады. Ол осы арқылы баласына көмектесуді ойға алды. Кәсіби «аңшылар» бұл шоудың қатысушыларын әлемнің түкпір-түркіпінен іздеп табу үшін жорыққа шығады. Ал қатысушылар болса әр минут сайын өмір үшін күреседі.

Ол. Мейпл-стриттегі қорқынышты түс

Майкидің анасы алжи бастағанда оның қорқынышты түстері шындыққа айнала бастайды. Кейін бәрі өзгеріп, әр сәт оның тағдырында терең із қалдырады. Қиындық көбейіп, ол ұрпақтан ұрпаққа созылады. Өлім-жітім көп болады.

Айта кетейік, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы биыл Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық көрмесіне қатысты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады

Соңғы жаңалықтар