Аптаның кинопремьералары: «Бүркіт», «Будика: Жауынгер ханшайымы» және «Батпақ патшасының қызы»
Қараша айының бірінші аптасында қазақстандық кинопрокат бірнеше жақсы жаңа туындылар ұсынады. Оның ішінде «Бүркіт», «100%», «Бөлек шығайық» қазақстандық фильмдері және «Будика: Жауынгер патшайымы» және «Батпақ патшасының қызы» шетелдік фильмдері бар, деп хабарлайды Каzinform агенттігінің тілшісі.

«Бүркіт» – Данияр Ибрагимовтің экшн фильмі. Қазақстанда шығарылған.
Арнайы жасақтағы үш жігіт өте қауіпті тапсырмада өздерінің достығын сынайды. Фильм нақты оқиғалар: жедел іздестіру шаралары және оқиғаға қатысқан кейіпкерлерге негізделген.
Фильмді түсіруге арнайы жасақ қатысып, әскери техника мен авиация, сондай-ақ екі жүзден астам мерзімді әскери қызметкер қатысты. Басты рөлдерде: Санжар Мәди, Дәурен Серғазин, Асылхан Төлепов, Гүлназ Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және т.б. Сондай-ақ бұл фильмге белгілі музыкалық орындаушы Ғалымжан Молданазар да түсті.
«100%» – режиссер Марлен Кейкішевтің комедиясы. Қазақстанда шығарылған.
Қарапайым қыз Алинаның тілегін орындай алатын сиқырлы смартфоны бар. Қыздың қалауы басқалардікі сияқты: денесінің сымбатты болуы, көп ақша, әдемі киім... және оны қазіргі қоғамның проблемалары да алаңдатады. Ол барлық қазақстандықтардың ақша мәселесін шеше алады, бірақ телефонның заряды азайып барады.
Басты рөлдерде: Әнел Наркенова, Тамирис Жанғазинова, Анара Батырхан, Эржан Нұрланов, Жания Джуринская, Татьяна Турлай және т.б.
«Бөлек шығайық» – Нұржан Еркінұлының комедиясы. Қазақстанда шығарылған.
Қос келін Жансая мен Мөлдір күйеулерімен және қатал шешесімен бір үйде тұрады. Келіндер бұл күйін жақтырмай, бір-бірінен жасырын түрде долы енеден алыстау жоспарын құрды. Енесі бір ұлын бөлек шығарамын дей бергенде, келіндердің арадағы қатынасы қатты бұзылады. Қыздар мақсатына жету үшін бәрін жасайды.
Рөлдерде: Сәбира Ақатай, Мәдина Ақатай, Қарагөз Тілеубекова, Рамазан Амантай, Анэля Кенжебекова, Нұрқанат Молдахан, Асқар Жұмабеков және Дидар Төлегенов.
«Будика: Жауынгер ханшайымы» - экшн, драма. Режиссері: Джесси Джонсон. Ұлыбританияда шығарылған.
Кельттің ицендер патшайымы Будика күйеуі Прасутагпен бірге халықты басқарады. Римдіктер патшаны өлтіріп, жерлерді басып алғанда, Будика ашуға булығады. Ол күйеуі мен қыздарының өлімі үшін кек алмақ болады. Ол үшін ол аймақтағы тайпалардың басын біріктіруі керек.
Рөлдерде: Ольга Куриленко («Обливион», «Искатель воды», «Смерть Сталина»), Клайв Стэнден («Викинги», «Робин Гуд» сериалдары), Петер Францен («Сердце льва», «Викинги» сериалы), Рита Ташингэм («Доктор Живаго», «Вкус меда»), Ник Моран («Гарри Поттер» бірнеше бөлігі, «Отец Браун», «Карта, деньги, два ствола»), тағы басқалары.
«Батпақ патшасының қызы» - «Интервью с убийцей», «Иллюзионист» және «Области тьмы» фильмдерімен танымал режиссер Нил Бергер түсірген триллер. АҚШ-та шығарылған.
Хеленнің үрейі қашқан. Бала кезінде ол анасымен бірге Батпақ патшасы деп аталып кеткен әкесінің қолында кепілде болған. Көптеген жыл бұрын әкесі қамауға алынғаннан кейін, Хелен қайтадан бақытты өмір сүре алды. Кенет ол Батпақ патшаның қорғаудан қашып, қазір өзін аңдып жүргенін білді.
Рөлдерде: Дейзи Ридли («Звездные войны», «Убийство в восточном экспрессе»), Бен Мендельсон («Изгой-один: Звездные войны», «Темный рыцарь: Возрождение легенды», «Первому игроку приготовиться»), Гаррет Хедлунд («Троя», «Трон: Наследие», «Кровь за кровь»), Гил Бирмингем («Сумерки», «Ветряная река», «Банши»), Карен Писториус («Свет в океане», «Хроники хищных городов» и сериал «Легенда об Искателе»), Бруклин Принс («Домой до темноты», «Проект Флорида», «Няня») және тағы басқалары.