Аптаның жаңа фильмдері: драма, комедия және шытырман оқиға
АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада кинотеатрларда шетелдік фильмдердің жаңа легі көрерменге жол тартады. Репертуарда драмалық туындылар басым. Комедия жанрындағы екі фильмнің тұсауы кесілсе, қорқынышты фильмдерден үш, шытырман оқиғалы картиналардан үш туынды ұсынылады. Кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмайды. Балаларға арналған үш шетелдік мультфильм экранға шығады.
Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы ең басты кинопремьераларды ұсынамыз.
Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru
Елші қыз
Жанры: әлеуметтік драма
Ұзақтығы: 96 минут
Ел: Қазақстан, 2026 жыл
Режиссер: Еркін Рақышев
Фильм қазақ қызын асырап алған өзбек отбасының өмірі туралы баяндайды.
Жасмин мен Балу
Жанры: мелодрама
Ұзақтығы: 87 минут
Ел: Қазақстан, 2026 жыл
Режиссер: Алена Алмаз
Полициядан жасырынған байкер Балу ауыр науқас Жасмин жатқан палатаға тығылады. Қыз оны полицияға ұстатпай, ұйықтағанша қасында отыруын өтінеді. Осы кездесу қатал байкер мен жалғыз қалған қыздың тағдырын тоғыстырады. Жасминнің батылдығы Балуны жауапкершіліктен қашпауға үйретеді.
Әкесін іздеп, (В поисках отца)
Жанры: драма, комедия
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Ұлыбритания, 2026 жыл
Киноклуб Олега Борецкого. Тақырыбы: «Өзіміз таңдаған байланыстар». Ата-ананы таңдап ала алмаймыз. Бірақ бізді түсініп, қолдайтын жанды өзіміз таңдай аламыз. Өйткені фильм кейіпкері айтқандай, әр адамның өмір жолына куә болатын бір жан қажет.
Көтерілісші, (Восставший)
Жанры: ужас
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Ұлыбритания, Германия, АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Пол Гринграсс
Англияда жаппай тәртіпсіздік белең алды. Көтерілісшілердің басына көшбасшы болуды ешқашан армандамаған Уот Тайлер келеді. Алайда тарихтың бағытын өзгерту міндеті дәл соған жүктеледі.
Маленаның қарғысы, (Проклятие Малены)
Жанры: ужас
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Филиппин, 2026 жыл
Режиссер: Roni Benaid
Үш жетім қыз қамаудан қашып шығып, жаңа отбасына тап болады. Оларды жын билеген қызынан айырылған ерлі-зайыпты асырап алады.
Жеткізуші, (Курьер)
Жанры: боевик, триллер
Ұзақтығы: 97 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Скотт Во
Элиталық курьер Хэнк Мэлоунға жеті жасар қыздың өмірін құтқару үшін үш сағат беріледі. Ол шұғыл трансплантацияға қажетті ағзаны жеткізуі керек. Алайда қылмыстық топтың басшысы ағзаны иемденуге тырысқанда, Хэнктің қарапайым тапсырмасы қауіпті сынаққа айналады.
Ит жұлдызы, (Собачьи звёзды)
Жанры: экшн, шытырман оқиға, триллер, фантастика
Ұзақтығы: 118 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Ридли Скотт
Болашақта тараған вирус адамзаттың басым бөлігін қырып жояды. Тірі қалғандар тонаушылардың шабуылына төтеп беруге мәжбүр. Жақындарынан айырылған ұшқыш Хиг қараусыз қалған әуежайда иті мен бұрынғы теңіз жаяу әскері Бэнглиді паналайды.
Жүректегі қыран. Арманға қарай!, (Орел в сердце. Вперед к мечте!)
Жанры: отбасылық мультфильм
Ұзақтығы: 78 минут
Ел: Индонезия, 2026 жыл
Режиссер: Ronny Gani
Он үш жастағы Путраның арманы – кәсіби футболшы болып, ұлттық құрамада ойнау. Астмаға шалдыққанына және футбол мектебінің іріктеуінен өте алмағанына қарамастан, ол мақсатына жетуге талпынады. Путра арманын орындай ала ма?
Ақымақтар, (Придурки)
Жанры: комедия, криминал
Ұзақтығы: 98 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Мэйкон Блэр
Марк пен Дэвис Шериданды ауруханаға жеткізуі керек еді. Бірақ ол қашып кетіп, екеуін қылмыс әлеміне араластырады. Ақыры олар жолдың мақсатына емес, жолда кездескен адамдарға мән берудің маңызды екенін түсінеді.
Айлакер койот, (Хитрый койот)
Жанры: шытырман оқиға, комедия, мультфильм, фэнтези, отбасылық
Ұзақтығы: 103 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Дэйв Грин
Аты аңызға айналған Айлакер Койот «АКМЕ» корпорациясын сотқа береді. Енді ол Дорожный Бегунды қуу орнына, компанияның заңгерімен сотта тартысады.
Ғажайыптар өлкесі, (Край чудес)
Жанры: мультфильм, фэнтези
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: Ресей, 2026 жыл
Режиссер: Денис Чернов
Жас суретші Филипп Сібірдегі құпия сиқырлы әлем – Ғажайыптар өлкесіне тап болады. Ол иморлар халқымен және олардың ерекше жануарларымен танысады. Алайда адам әрекетінен сиқырлы әлемге қауіп төнеді. Филипп жаңа достарын құтқару үшін күресуге мәжбүр.
Ымырт, (Сумерки)
Жанры: драма, мелодрама, фэнтези
Ұзақтығы: 122 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссер: Кэтрин Хардвик
Аты аңызға айналған романтикалық дастан қайтадан үлкен экранға жол тартады. Белла Свон Форксқа көшіп барып, жұмбақ Эдвард Калленге ғашық болады. Оның адам ауламайтын вампир екенін білген Белла қауіпті әлемге тап болады. Мұнда махаббат қорқыныштан күшті.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.