Аптаның жаңа кинопремьераларына шолу

АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада кинотеатрлар түрлі жанрдағы жаңа фильмдермен толықты. Көрермен назарына қорқынышты жанрдағы үш фильм ұсынылып, балаларға арналған бес жаңа туынды жарыққа шықты.

кино
Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru

Отандық кино қоржыны да жаңа фильммен толықты. Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы ең басты кинопремьераларды ұсынамыз.

14 күн

Жанры: драма, комедия

Ұзақтығы: 90 минут

Ел: Қазақстан, 2026 жыл

Режиссері: Олжас Нұрбаев

Дархан – табысты әрі ауқатты кәсіпкер. Өмірінде бәрі бар болғанымен, жанында жақын адамдары жоқ. Бір күні ол мансап пен байлыққа ұмтыламын деп, шынайы достарынан алыстап кеткенін түсінеді. Достарын қайта табыстырып, арадағы байланысты жаңғырту үшін Дархан тәуекелге бел буады. Күтпеген кездесуден кейін бала күнгі үш дос мектептегі армандары мен орындалмай қалған тілектерін жүзеге асыруға бағытталған шытырман сапарға аттанады.

Марстан келген қыз, (Марсианка)

Жанры: шытырман оқиға, драма, отбасылық, фантастика

Ұзақтығы: 112 минут

Ел: Индонезия, 2026 жыл

Режиссері: Upie Guava

Пеланги – Марста дүниеге келген алғашқы бала. 2100 жылдары Жерде су тапшылығы күшейіп, адамзаттың болашағына қауіп төнеді. Осындай сәтте Пеланги адамзатты құтқара алатын аса сирек минерал – «Омега» цеолитін іздеуге аттанады. Ол сапар барысында роботтармен бірігіп, минералды табуға күш салады. Алайда «Омегаға» иелік етуді көздеген қуатты корпорация Пелангидің жолына кедергі келтіреді.

Астрал 6: Олар қазір осында, (Астрал 6: Они уже здесь)

Рейтинг: 6.2

Жанры: қорқынышты фильм

Ұзақтығы: 105 минут

Ел: АҚШ, 2026 жыл

Режиссері: Джейкоб Чейз

Жас әйел тылсым әлемге өтіп, сол жерден зұлым рухтарды тірілер әлеміне әкеле алатынын байқайды.

Корал-Гроув көшесіндегі қорқынышты түс, (Кошмар на улице Корал Гроув)

Жанры: қорқынышты фильм

Ұзақтығы: 91 минут

Ел: Канада, 2026 жыл

Режиссері: Фелипе Варгас

Саша Корал-Гроувтағы көшесіндегі элиталық қалашыққа бала күтуші болып жұмысқа орналасады. Мұнда бала күтушілер ұзақ тұрақтамайды, балалардың мінез-құлқы да біртүрлі. Бір күні серуен кезінде Саша балалар алаңында жасырынған тылсым күштің бар екенін байқайды. Бұл күш балаларды қорқынышты жаратылыстарға айналдырады. Балаларды құтқару үшін Саша сырт көзге көрінгендей емес бұл әлемнің құпиясын ашып, зұлымдықты жеңуі керек.

Бүлік, (Мятеж)

Рейтинг: 5.6

Жанры: экшн, триллер

Ұзақтығы: 94 минут

Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026 жыл

Режиссері: Жан-Франсуа Рише

Коул Рид - арнайы жасақ пен полицияда қызмет еткен. Ал қазір жеке күзетші болып жұмыс істейді. Бір күні оның миллиардер басшысын белгісіз біреулер өлтіреді. Осы қылмысқа Ридтің өзі басты күдікті ретінде ілігеді. Заңнан қашуға мәжбүр болған ол шынайы қылмыскерлердің ізіне түсіп, әділдікті орнатуға бел буады.

Соңғы батыр. Бауырсақ, (Последний богатырь. Колобок)

Рейтинг: 3.0

Жанры: шытырман оқиға, комедия, фэнтези

Ұзақтығы: 108 минут

Ел: Ресей, 2026 жыл

Режиссері: Антон Маслов

Фильмде Белогорьенің ең танымал кейіпкері Бауырсақтың бастан кешкен оқиғасы көрсетіледі. Оны қандай мақсатпен пісіргені, қалай қашып кеткені және қарақшылар тобына қалай қосылғаны баяндалады. Кейін Бауырсақ жолы болмай жүрген наубайшы Тихон мен Лада есімді ерекше қыздың серігіне айналады. Үшеуі күтпеген оқиғаларға толы сапарға аттанады.

Лидия мен Тұман салт аттысы, (Лидия и Всадник Тумана)

Жанры: шытырман оқиға, балаларға арналған, мультфильм, фэнтези, отбасылық

Ұзақтығы: 75 минут

Ел: Канада, 2026 жыл

Режиссері: Эмили Росас, Нэнси Севард, Филипп Арсено Бюссьере

Лидияның ағасын жұмбақ Сиқыршы ұрлап кетеді. Оны іздеген қыз Тұманды теңізге аттанады. Жолда оны «Дельфин» атты ұшатын кеменің экипажы құтқарып, Лидия астромаг Амброзияның шәкірті атанады. Амброзия да жоғалған ұлын және басқа балаларды іздеп жүр. Ағасын құтқару үшін Лидия шоқжұлдыздар сиқырын меңгеріп, өз естеліктерінің күшіне сенуі керек.

Лунтик. Айдың арғы беті, (Лунтик. Обратная сторона Луны)

Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, отбасылық

Ұзақтығы: 80 минут

Ел: Ресей, 2026 жыл

Режиссері: Дарина Шмидт

Лунтик Айда анасымен бірге тұрады және Жердегі достарына да жиі барып тұрады. Бір күні ол әкесінің қайда екенін сұрайды. Анасы әкесінің Айдың арғы бетінде жоғалып кеткенін айтады. Әкесін күткісі келмеген Лунтик досы Кузямен бірге оны іздеуге аттанады. Оларға Вупсень мен Пупсень есімді бұзық жұлдызқұрттар да еріп кетеді. Кейіпкерлер Айдың арғы бетіне жетіп, қауіпті әрі таңғажайып оқиғаларға тап болады.

Гарри Поттер және пәлсапа тасы, (Гарри Поттер и философский камень)

Рейтинг: 8.3

Жанры: шытырман оқиға, фэнтези, отбасылық

Ұзақтығы: 100 минут

Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026 жыл

Режиссері: Крис Коламбус

Он жасар Гарридің балалық шағы оңай өтпейді. Бір жасында ата-анасынан айырылған ол нағашысы мен тәтесінің қолында өсіп, үнемі қорлық көреді. Алайда он бірінші туған күнінде оның өмірі күрт өзгереді. Жұмбақ қонақ Гарриге сиқыршы екенін және Хогвартс сиқыр мектебіне қабылданғанын хабарлайды. Көп ұзамай Гарри Хогвартс экспрессіне отырып, жаңа өмірге қадам басады. Ол жерде оны ғажайып оқиғалар, адал достар және ата-анасының өліміне қатысты құпия күтеді.

Мәйітхана күзетшісі, (Ассистент в морге)

Жанры: қорқынышты фильм

Ұзақтығы: 80 минут

Ел: Мексика, 2026 жыл

Режиссері: Олалло Рубио

Әбден титықтаған күзетші мәйітханаға жұмысқа орналасады. Алғашқы түнінде-ақ ол тыныштық пен қараңғылықтың ар жағында құтылу мүмкін емес тылсым азаптың жасырынғанын сезеді.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.