17:12, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Аптаның соңында Мәскеуде ТМД-ның Мемлекет басшылары бейресми сипатта бас қосады
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шілденің 18-інде Мәскеудің орталық атшабарының 175 жылдық мерейтойы тойланады. Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен ТМД елдерінің Мемлекет басшылары осы шараға қатысады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бейресми кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар көкейкесті мәселелері талқыланады деп көзделуде», деді брифингте Е. Ашықбаев.
Мәскеудің орталық атшабары 19-шы ғасырда салынған. Ол Ресейдегі ең үлкен, Еуропадағы ежелгі атшабарлардың бірі. Бұл бірегей ғимарат сонымен қатар Бүкілресейлік жылқы шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты болып саналады.