Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аптап ыстық, жел, найзағай: Қазгидромет 14 тамыздың күн райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 14 тамызға Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады. Бірқатар өңірде найзағай, бұршақ, екпінді жел және 41 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі.

Проспект Тауелсиздик
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Астанада оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Қалада жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігі мен батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстігі мен батысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен шығысында жоғары, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен солтүстігінде төтенше, оңтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–36 градус болады. Солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35–38 градус болады. Батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 38–40 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады. Шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35–39 градус болады. Солтүстігінде жоғары, оңтүстігі, батысы, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыста төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Батысы, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз ауа температурасы 40–41 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 38 градус болады. Батысында жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғып, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Батысында түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай және дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысы, солтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады. Шығысында желдің екпіні 15–18 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

 Қазақстан климаттың өзгеруіне қатысты Париж келісіміне қандай үлес қоспақ.