Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда аптап ыстыққа байлынысты пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

- Ауа температурасы жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады. Жолаушылар мен пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізіледі, - делінген Temiryo‘lekspress компаниясы тартқан хабарламада.

Осыған байланысты компания пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн қатарынан Өзбекстанда аптап ыстық жүріп жатыр. Орташа температура +44...+46 градус болса, кейбір өңірлерде +48 градустан жоғары.

Еске салсақ, аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанның бірқатар облысындағы балабақшалар уақытша жабылды.