02:55, 09 Маусым 2016 | GMT +5
Аптап ыстық салдарынан Жамбыл облысында ескерту жасалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Салқын ауа райынан және жиі жауған жаңбырдан кейін Таразда және облыста күн ысып кетті.

8 маусымнан бастап термометрдің сынап бағанасы көлеңкеде +40 градустық межеге дейін көтерілді.
«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес 8 маусымнан бастап Жамбыл облысында +35...+40 градустық аптап ыстық болады. Таразда ауаның температурасы +36...+38 градусқа дейін ысиды», деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.