Аптап ыстық, жаңбыр мен бұршақ: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Оңтүстік Каспий циклоны бүгін де республиканың көп бөлігіне өз әсерін тигізеді, сондықтан құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ түседі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, тұман күтіледі. Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с жетеді, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.