Аптап ыстыққа байланысты елдің барқатар аймақтарында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
None
None

«31 тамызда Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Сонымен қатар Маңғыстау облысының аймағында 31 тамыз күні күндіз күн ысып, ауа температурасы 41 градус болады деп күтілуде, арты шаңды дауылға ұласып, желдің жылдамдығы секундыга 15-20 метрге жетеді. Атырау облысында күн 35-39 градусқа дейін ысиды. Атырау қаласында күндіз ауа температурасы 37-39 градус болады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, аптап ыстыққа байланысты осыған дейін ескерту Астанада жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар