Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова

АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Халық артисі, Алматының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді. 

Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Бүгін – референдум күні. Жауапты сәт. Әр адам – өз елінің патриоты. Барша қазақстандық таңдауын жасап жатыр. Қазақстан – үздік мемлекеттер қатарында. Әрдайым солай болады деп ойлаймын», - деді Бибігүл Төлегенова.

Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова
Фото: Александр Павский / Kazinform
Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова
Фото: Александр Павский / Kazinform
Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова
Фото: Александр Павский / Kazinform
Әр адам өз елінің патриоты – Бибігүл Төлегенова
Фото: Александр Павский / Kazinform

Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 624 учаскеде жүріп жатыр. Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і – ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар. 

Сондай-ақ 172 учаскеде тіркеуді тексеру сервистері орнатылады. Олар дауыс берушілер өзін тізімінен таппаған жағдайда қолданылады. 

Мегаполисте 1,2 млн астам адам дауыс беруге құқылы.

Осыған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайымен бірге дауыс беру орнына келгені туралы жазған едік. 

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді. 

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. 

Соңғы жаңалықтар