Әр адамның даусы – ел болашағын айқындайтын таңдау

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Жаңа Конституция Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының берік іргетасы болмақ. Жұмысшы еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы тиіс. Бұл ұстаным Eurasian Resources Group құрамындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ ұжымына жақын.

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

Бүгінде кәсіпорынның өндірістік алаңдарында 12 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Кеншілер жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің осыған дейінгі даму кезеңін қорытындылап, мемлекет дамуының жаңа сатысына жол ашатынына сенімді.

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

Ұжым өкілдерінің пікірінше, конституциялық реформа – басымдықтар жүйесінің нақты көрінісі. Соның ішінде тұрақтылық, басқарымдылық және бірізділік қағидаттары ерекше мәнге ие. 

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

Сонымен қатар «еңбек қауіпсіздігі – мемлекеттің міндеті» деген норманың бекітілуі өндіріс саласы үшін маңызды шешім ретінде бағаланып отыр. Қызметкерлер өндірістегі адам өміріне қауіп төндіретін экономикалық мақсаттарды немесе саланың ерекшелігін ешбір жағдайда ақтауға болмайтынын атап өтеді. Ендігі жерде мемлекет пен жұмыс беруші жарақаттану, өндірістік апаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуға тікелей жауапты болады.

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

– Конституциялық өзгерістер тек бүгінгі күннің емес, ұзақ мерзімді тұрақты дамудың алғышарттарын айқындайды. Өнеркәсіп саласы үшін бұл айрықша маңызды. Мұнда адам, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық ортаның сапасы сөз болып отыр, – деді Шухрат Ибрагимов. – Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін нығайтады. Жауапкершілік тепе-теңдігін қалыптастырып, өндірісті дамыту мен қызметкерлер мүддесін қорғау өзара байланысты міндетке айналады. Сондықтан референдумға қатысу – әр азаматтың ел дамуының ертеңгі бағытын айқындайтын саналы таңдауы.

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

Тау-кен кәсіпорнының қызметкерлері конституциялық өзгерістердің мәнін түсінетінін және оларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ

Олар қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум