Әр деңгейдегі өндіріс орындарына тән ортақ мәселелер бар - Мәжіліс депутаты

Өңірге сапар дайын алюминий өндірісіне қажетті шикізат шығаратын елдегі жалғыз зауыттан басталды. Жылына 1,4 млн тонна өнім шығарады. Сондай-ақ, бұл – Павлодардың ірі жұмыс беруші кәсіпорындарының бірі. Мұнда 8 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Бүгінде зауыт өнімнің 60 пайызы шетелге жөнелтіледі. Қалған өнім ішкі нарықта қалады. Негізгі тұтынушы – дайын алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауыты.
Динара Шүкіжанованың айтуынша, еліміздегі өнеркәсіп саласында ортақ мәселелер бар.
«Өндіріс орындарының алдында бірдей кедергілер туындап отыр. Оның қатарында, отандық өнімді экспорттау, құрал-жабдықтарды алу қиындығы, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бар. Бұл олқылықтардың орнын жүйелі түрде толтыру қажет. Мысалы, көршілес Қытай елінде экспорт субсидияланады. Сол себептен, біздің өндіріс орындардың олармен бәсекелесуі өте қиын. Бұл мәселе бүгін ат басын бұрған «Қазақстан алюминийі» зауытына да тән. Онымен қоса, мұнда құрал-жабдықтарды жаңарту қажет екені байқалады», - деді ол.
Депутаттар өнеркәсіпке, басқа да салаларға қатысты жүйелі мәселелер Мәжіліс мінберінде көтерілетіндігін айтты.