18:50, 02 Шілде 2025 | GMT +5
Әр елден бір реңк: АӨСШК штаб-пәтеріне қандай сый жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — АӨСШК-ге мүше мемлекеттер штаб-пәтерді Азия құрлығының дәстүрі мен бірегейлігін бейнелейтін көркем мәдени элементтермен безендіру бастамасына қолдау көрсетті. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

Әзербайжан Республикасы штаб-пәтерге ұлттық нақышта безендірілген қонақ бөлмені;

Тәжікстан – ағаштан ойып жасалған есікті;

Өзбекстан – ғимарат ауласына ағаш шатырды;

Қырғызстан – киіз үйді;

ҚХР – АӨСШК логотипінің үш өлшемді инсталляциясы және 114 күн панелін;
Түркия – «Ыстанбұлдың мәңгілік жады» атты керамикалық панноны;

Корея Бодхисаттва қола мүсінін;

Үндістан Шива – Натараджа қола мүсінін сыйға тартты.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.