Әр сәрсенбі сайын - орыс тілінде және жұма күндері - қазақ тілінде «Білімгер» радио-олимпиадасы өтеді

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың облыстық радиосында 100.5 ҒМ толқынында әр сәрсенбі сайын - орыс тілінде және жұма күндері - қазақ тілінде «Білімгер» радио-олимпиадасы өтеді.
None
None

Жаңа оқу жылындағы алғашқы жарыс «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының басты тақырыбы болып таңдалған Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасына арналды.

Радио-олимпиадаға қатысушылар ақынның өмірбаяны, поэма мәтіні, оның жазылу тарихы бойынша білімдерін ортаға салды. Конкурсант поэмадан үзіндіні жатқа оқып беруі және студиядағы сарапшының сауалдарына дұрыс жауап беруі керек.

Жобаның авторы және бастамашысы - «Бес Асыл» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Асқарова.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Білімгер» радио-олимпиадасы ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Зияткерлік жасампаз қоғам: білімдер және жаңа технологиялар» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы атанып, содан бері Қордың қамқорлығымен өтіп келеді.

Соңғы жаңалықтар