Араб елдері лигасының Палестина жөніндегі саммиті Мысырда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Саммитте Палестинаға қатысты кейінгі оқиғаларды талқылау жоспарланған. Бұл туралы Мысыр Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Анадолы агенттігі.

Араб елдері лигасының Палестина жөніндегі саммиті Мысырда өтеді
Фото: wikipedia

27 ақпанда Мысыр астанасы Каирде Палестина мәселесі бойынша Араб елдері лигасының төтенше саммиті өтеді. Бұл туралы Мысыр Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

Мәлімдемеде айтылғандай, бұл шешім Каир мен араб елдері, оның ішінде Палестина арасында өткен бірнеше күнгі консультациядан кейін қабылданған. 

Ведомство саммитте Палестинаға қатысты кейінгі оқиғаларды талқылау жоспарланғанын хабарлады. 

Саммит Палестинаның өтініші бойынша өтетіні аталып өтті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторының тағдырына қатысты жаңа мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, Израиль соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін Палестина анклавын АҚШ-қа береді. Бұған дейін Трамп Газада жергілікті халықты қоныстандыру арқылы «Таяу Шығыстың Ривьерасын» салуды ұсынған, бірақ бұл әлемнің көптеген елінің өткір сынына ұшырады. 

Соңғы жаңалықтар