Араб елдеріндегі бүліктер аймақтың мұнай және газ өндірушілерінің көмірсутегі жеткізілімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне әсер етпейді

None
None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Араб елдеріндегі төңкерістер және бүліктер аймақтық мұнай және газ өндірушілерінің көмірсутегі жеткізілімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне әсер етпейді.

Бұл мәлімдемені Катар эмирі Шейх Хамад бин Халифа 20-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінің ұлықтау сессиясында жасады, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.

«Біз, энергия көздерін жеткізушілер, Араб әлемінде белең алып жатқан дағдарыс пен тұрақсыздықты жеңіп шыға алады деп ойлаймыз. Катар мұнай және газ экспорттаушы ретінде жеткізілімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпекші әрі бұл мәселе бойынша энергетикалық ұйымдармен жұмыс істемек»,- деп атап өткен Катар басшысы.

«Таяу Шығыстың басқа да өндірушілері жылдан-жылға артып келе жатқан әлемдік нарық сұраныстарын қамтамасыз ету үшін көмірсутегі өндірісін арттыруға дайын екендігін білдірді. Кувейттің Мұнай министрі Мохаммад аль-Бусайри 2015 жылға таман ел күніне 3,5 миллион баррель өндіретіндігін мәлімдеді. Кувейт алдағы 20 жыл ішінде секторды дамытуға 180 миллиард доллар жұмсамақ», - делінген компания ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар