Арал ауданына жол жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 325 518 мың теңге бөлінді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арал ауданында жол жөндеу жұмыстары бойынша 2 жобаға сәйкес республикалық бюджеттен 325 518 мың теңге бөлінді. Бұл қаржының 145 906 мың теңгесі "Самара-Шымкент-Қамыстыбас- Аманөткел-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай" бағыты бойынша жол жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Мұнда 103 жаңа жұмыс орны ашылады.
Мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар бойынша 4 жобаға сәйкес 105 601 мың теңге бөлініп отыр. №2 кәсіптік лицейдің бу қазандығын жөндеу, №2 мектеп-интернаттың және аудандық аурухананың жөндеу жұмыстары бойынша екі жоба жүргізіледі. Мұнда 229 жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық деңгейде тендер жарияланып, оның жеңімпаздары анықталды. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан есепте тұрған жұмыссыз мамандарға жолдамалар берілуде.