Арал ауданында газ баллоны жарылып, бір бала қаза тапты - Қызылорда облысы

ЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Арал қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойындағы бір үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы А.Нұрманова.
None
None

Соның салдарынан тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесінен бастап көптеген бөлмелерде өрт басталған. Лаулап жанған өртті сөндіру оңай болмады. Ол 4 сағат 39 минутта толық сөндірілген. Өртті сөндіруге 1 өрт автокөлігі мен 7 жеке құрам адамы қатысты. Жарылыс себебінен құрылыс конструкциясы астында қалып қойған 2007 жылы туылған бала оқиға орнында қаза болған. 1964 жылы туылған жас жігіттің оң аяғы жарақаттанған. Оқиғаның себептері мен шығыны анықталуда.

Соңғы жаңалықтар