Арал ауданында тағы бір мектеп пайдалануға берілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданындағы Сазды ауылындаТәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді.
None
None

Шалғай ауылдағы білім мекенінің ірге көтергеніне 81 жыл болған. Содан бері баспана әбден ескіріп еді. Енді, міне, заман талабына сай жаңа білім ордасы қатарға қосылды. Реттік нөмірі бойынша №60 қазақ орта мектебі деп аталып келген оған осы ауылдың түлегі, жазушы Жақсылық Түменбаевтың есімі беріліп, мектеп ғимараты алдына ескерткіш тақта орнатылды. Ал 90 үй қоныс тепкен алыс ауылдағы салтанатты шарада аудан әкімі Нәжмадин Мұсабаев жиналған жұртшылықты қуаныштарымен құттықтады.

Жалпы, Арал ауданында кейінгі кездері мектеп құрылысына айрықша мән берілуде. Соңғы бес жылда мұнда 24 мектеп үйі пайдалануға берілсе, қазір тағы 8 білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірнешеуі жыл аяғына дейін ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар