Арал қаласын газдандыру жұмыстары жалғасуда - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Арал ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Облыс әкімінің ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде телекөпір арқылы бұл ауданда газдандыру жұмысы басталған болатын. Жалпы құбырдың ұзындығы және жұмыс көлемі - 297 шақырым. Құрылыс жұмыстарына 16 экскаватор, 2 шағын жүк тиегіш, 4 манипулятор, 2 КамАЗ, 7 жеңіл көлік тартылған. Қазіргі таңда 1,5 шақырым жер қазылып, құбыр қою жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 3 бригада құрылған, онда 60 азамат жұмыс жасауда. Жұмысшылар жергілікті жердің жұмыссыз азаматтары қатарынан алынған. Белгіленген кесте бойынша осы жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында газдандыру жұмысымен танысып, құрылысты сапалы әрі жылу маусымы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар