Арал теңізінен заңсыз балық аулағандар ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Арал аудандық ішкі істер бөлімінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейді барысында Кіші Арал теңізінің  №18 учаскесінде «Прогресс» кемесімен балық аулап жүрген Арал ауданының 2 тұрғыны ұсталды. 

 Арал теңізінен заңсыз балық аулағандар ұсталды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Тексеру барысында, «Ветерок-8» үлгісіндегі ілмелі моторы, 7 дана синтетикалық аулар және жалпы салмағы 205,5 келі  көксерке балығы анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
null

Аталмыш дерек бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай  тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4 және 5-тармақтары негізінде тіркеліп,  жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.