Арал теңізінің тартылуы Қырғызстандағы мұздықтарға қалай әсер етеді

АСТАНА.KAZINFORM - Бішкекте «Тұрақты даму үшін жаһандық тау диалогы: Бішкек+25 саммитіне қарай» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Онда климат өзгерісінің экологиялық мәселелері, олардың мұздықтар мен криосфераға әсері талқыланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 Арал теңізінің тартылуы Қырғызстандағы мұздықтарға қалай әсер етеді
Коллаж: Kazinform

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров кіріспе сөзінде таулы елдер бірегей ресурстарға ие бола отырып, бір мезгілде климаттың өзгеруіне, экстремалды ауа райы жағдайларына және табиғи апаттардың әсеріне ұшырайтынын атап өтті. Олар мұздықтардың еруі, биоәртүрліліктің жоғалуы және тау экожүйелерінің деградациясы сияқты бірдей проблемаларға тап болады. Экологиялық проблемаларды шешу шұғыл шараларды, келісілген әрекеттерді және әлемдік қауымдастықтың назарын талап етеді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев өз сөзінде таулы аймақтардағы биоәртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрақты дамуға бағытталған жаһандық күш-жігер контекстінде аймақ елдері арасындағы жалғасып жатқан диалогтың маңыздылығын атап өтті.

 Арал теңізінің тартылуы Қырғызстандағы мұздықтарға қалай әсер етеді
Фото: Kazinform

- Қазіргі уақытта Қазақстан 2026 жылы аймақтық климаттық саммитті өткізуге белсенді түрде дайындалып жатыр және бұл ғылыми ынтымақтастық, климаттық деректер алмасу және тау экожүйелері үшін бірлескен бейімделу шешімдерін әзірлеу тұрғысынан маңызды, - деді ол.

Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Медер Машиев Арал теңізінің жоғалуы Қырғызстан мұздықтарына әсер етіп, олардың қарқынды еруіне әкелетіні мойындалған фактімен келісетінін айтты.

Қырғызстан парламентінің депутаты, Аграрлық саясат, су ресурстары, экология және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлішер Ербаев аймақтық экологиялық мәселелерді шешуде Орталық Азияның барлық бес елін біріктіру қажеттігі туралы пікірімен бөлісті.

Осыған дейін Арал теңізінің құрғаған ұлтанына дронмен сексеуіл тұқымы себіле бастағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар