АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қуат Хамитов екі салмақ дәрежесінде чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында кәсіби ММА бойынша жарыс аяқталып, оның басты оқиғасында қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов WBK нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, украиндық Андрей Митрофановпен кездесті.

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қуат Хамитов екі салмақ дәрежесінде чемпион атанды

Аралас жекпе-жекте қазақстандық жеңіске жетіп, сол арқылы бұл ұйым бойынша екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионының белбеуін жеңіп алды.

Бұған дейін Хамитов жеңіл салмақта (70 келіге дейін) әлем чемпионы атанған, одан кейін бұл титулды бос қалдырып, келесі салмақ дәрежесіндегі чемпионмен айқасты, деп жазады sports.kz.