16:46, 05 Қараша 2016 | GMT +5
Аралас жекпе-жекте америкалық ресейлікті 16-секундта нокаутқа жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Аралас жекпе-жектен ауыр салмақтағы ресейлік спортшы Сергей Харитонов Bellator дебюттік кездесуінде америкалық Джейви Айяладан оңбай жеңілді.

Жекпе-жек видеосы ұйымдастырушылардың Twitter парақшасына жарияланды.
Айқас 5 қарашаға қараған түні Анкасвиллде (Коннектикут штаты, АҚШ) өтті және бар-жоғы 16 секундқа ғана созылды. Жағына жойқвн соққы тиген Харитонов нокаутқа кетті.
36 жастағы ресейлік 29 кездесу өткізген және бұл оның алтыншы жеңілісі.