Аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаңа ғана, «Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» Халықаралық турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы анықталды.
None
None

Қазақстандық сайыпқыран Махир (лақап аты «Құрыш аяқ») Мамедов латвиялық сайыскер Валериус (лақап аты «ВМ») Миколаускасты жеңді.

Бірінші раундтың 27-ші секундында отандасымыз сол аяқпен қарсыластың бауыр тұсынан теуіп, нокаутқа жіберді. Осылайша, Махир Мамедов «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар