Аралда ақбөкен ату азаймай отыр
Биылғы қыстың суықтығы, қардың қалыңдығына байланысты Бетпақдала киіктері Арал қаласы, Жақсықылыш кенті, Шижаға, Қарақұм, Сазды ауылдық округтерінің маңына табиғи өріс аудару жолымен кірген. Аудан әкімінің орынбасары М.Оразбаевтың басшылығымен жедел топ аталған жануарларды бақылауға алып, осы елді мекен тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Табиғат пайдаланушыларды, аудан тұрғындарын жауапкершілік танытуға, табиғат пайдалану мен аң аулаудың белгіленген ережесін сақтауға шақырды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облыс көлемінде «Киіктердің өсіп-өнуін сақтап қалу және браконьерлікке қарсы күрес жүргізудің» 2013-2014 жылдарға бірлескен іс-шарасы бекітілді. Аудан көлемінде Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жедел қорғау тобы құрылып, аудандық ішкі істер бөлімі мен облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясымен, ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты Орман және аңшылық комитетінің жаныдағы «Охотзоопром ӨБ» кәсіпорынымен бірлесіп жұмыс жасауда, делінген хабарламада.