Аралда мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді - Қызылорда облысы

Жылдың алғашқы жартысында барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 40019 бас мүйізді ірі қара, 151213 бас қой мен ешкі, 16643 бас жылқы және 19012 бас түйе малы болды. Осы кезеңде ондағы әр жүз аналыққа 107 қозы-лақ, 73 құлын, 44 бота, 73 бұзау алынды. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 346 басқа , уақ мал 1798 басқа, жылқы 290 басқа, түйе 37 басқа көбейді.
Мал шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі ұлғая түсуде. Осы жылдың есепті мерзімінде 1465 тонна ет (тірілей салмақта), 3571 тонна сүт, 1780 тонна жүн және 73,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру тиесінше 101,2, 102,3 және 100,6 пайызға артығымен орындалды.
Қазіргі уақытта ауданның 5 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Олардың қатарындағы «Құланды»ЖШС жылқының асыл тұқымды Мұғалжар және асыл тұқымды Қазақтың айыр өркеш түйесін, «Көктем» және «Байдаулет» шаруа қожалықтары асыл тұқымды қазақ жылқысын, «Қарақұм және К»ТС асыл тұқымды қаракөл қойын, «Берекет» шаруа қожалығы асыл тұқымды Қазақтың ақ бас сиырын өсірумен айналысуда. Бүгінгі күні бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды 2630 бас жылқы, 1298 бас түйе, 2825 бас қаракөл қойы және 367 бас мүйізді ірі қара малы күтімге алынған.