Аралда тәулігіне 180 тонна бидай тартатын ұн кәсіпорны ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Бүгін Қызылорда облысы Арал ауданында арнайы іссапармен болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кәсіпорын жұмысымен танысты, - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Ranap Vip Product» компаниясы желтоқсан айынан бастап «Аралым» ұнын шығаруда. Түркияның құрал-жабдығымен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 180 тонна бидай тартуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бидай Қостанай, Ақтөбе облыстарынан әкелінуде. Комбинат аймақтың 42 пайызын ұнмен қамти алады.

Аймақ басшысы кәсіпорынның мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыс жасауын тиісті басқарма басшыларына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар