«Аралдағы айқас» аталатын екі томдықтың таныстырылымы болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада белгілі қаламгер Тойбазар Елемесовтің «Аралдағы айқас» аталатын екі томдығының тұсаукесері болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тойбазар Елемесов 1939-1946 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінің редакторы қызметін атқарған. Жазушы романдарын 1951-1957 жылдар аралығында жазған. Талантты қаламгер екі томдық шығармалар жинағына өмір шындығын қаз-қалпында түсірген. Кітаптарда Арал өңіріндегі ұжымдастыру дәуіріндегі дүрбелең кезең, асыра сілтеу хикаялары әңгімеленеді. Сыр қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы айшықты бейнеленген.

Кеште қаламгердің көзін көрген әріптестері Т.Елемесовтің шығармалары жайында әңгімелеп, пікірлерін білдірді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері «Жанқожа» романынан көрініс қойды.

Кеш соңында қаламгердің ұлы Арлан Елемесов жиналған қауымға алғысын білдіріп, облыс кітапханаларына 200 дана туындыны сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар