17:31, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Аралдағы «Ұландар» лагеріне оқу қорынан биылғы жылы 10 млн. 127 мың теңге бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданындағы оқушылардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру барысында «Ұландар» лагеріне жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан биылғы жылы 10 млн. 127 мың теңге бөлініп отыр.

Жазғы сауықтыру лагерлері күндізгі, тұрақты және көшпелі формада жүреді деп күтілуде.
Ағымдағы жылы «Ұландар» лагеріне 4 ауысымға 150 баладан 600 бала қамтылу жоспарлануда. Лагерь асханасы электр-техникалық құралдармен, өртке қарсы дабыл қондырғылармен, оқушылардың демалысын ұйымдастыруға арналған ақпараттық техникалармен және спорттық құралдармен жабдықталған. Сонымен бірге жатын ғимараттардағы жиһаздармен толық жаңартылған.