«Аралтұз» тұз өндіру көлемін тұрақты сақтап келеді,

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Арал ауданындағы «Аралтұз» АҚ нарық экономикасының қиыншы­лықтарына қарамастан тұз өндіру көлемін тұрақты сақтап келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы өндірістік, экономикалық және әлеуметтік көр­сеткіштер толығымен орындалды. Бұл мақсатта өндірілген және тұтыну­шыларға жіберілген жалпы өнім көлемі 97 мың тоннаға жуықтады. Былтыр компания өндіріске жаңа технология енгізуге және модернизация жасауға өз қаражаты есебінен 18 млн. теңгеге жуық инвестиция салды. Сонымен бірге әлеуметтік кешендердің шығындарын өтеуге 6,7 млн. теңге қаржы жұмсалды. Бүгінгі таңда қоғам бойынша орташа жалақы 28 мың теңгеден асып түсті.

Биылғы жылға индустриялық жо­балар кешенінде мемлекеттік энерго­жабдықтау бағдарламасы бойынша тұз кептіру цехының камерасына жаңа құрылым жасау үшін 44,4 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Электркалориферлі жылу генераторын ауыстыру, яғни электрқуаты орнына сұйытылған газ қолдану межеленді. Сұйытылған газды қолдану барысында өндіріс көлемі жылына 80 мың тоннаға дейін жетіп, өнімнің сапасы едәуір жақсарады және шығын азаяды.

Байырғы зауытқа жаңа технологиялар ендіру мүмкіндігі арта түсті. Қытай Халық Республикасынан сағатына 3,5 тонна қалталанған ас тұзын шығаратын заманауи екі автомат алынып, іске қосылды. Алдағы уақытта тағы осындай екі қондырғы әкелу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар