Әрбір ел өзінің дербес экономикалық және әлеуметтік даму моделін жасауы тиіс - Ахмед Куреи

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің мүшесі, осы ұйымның байырғы көшбасшыларының өкілі Ахмед Куреи ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына түсініктеме берді.
None
None

Ол әрбір ел  қоғам мен халыққа қажет  өзінің дербес экономикалық және әлеуметтік даму моделін жасауы тиіс, деп атап өтті. Әрине оның барлық мемлекетке сай келетін бірыңғай рецептісі жоқ.

«Біз ірі батыстық экономикалық державалардың дамуы баяулап, кері шегінуі мен жаңа дамушы елдердің пайда болуына куә болған ғасырда өмір сүріп отырмыз. Мен Қазақстан мемлекеттік және жеке әлеуметтік-экономикалық дамуын үйлестіре отырып, 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, ілгерілеуге жеткізген саясаттың арқасында дұрыс жолда келе жатқанына сенемін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында белгіленген жоспарлар оның азаматтардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларының бұрынғыдан да жақсаруын көздеп қана қоймай, елді әлемдегі бұдан да жоғары деңгейге көтеруге бел буып отырғанын көрсетеді. Қазақстан өзінің ұлы халқының игілігі үшін әлеуметтік-экономикалық дамуында табыстарға жетеріне сенемін», - деді Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің мүшесі.

Ахмед Куреи Қазақстан Республикасының басшылығы мен халқына Палестина халқына моралдық және материалдық қолдау көрсетіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар