Әрбір халықаралық пойыз енді жеке дара атауға ие болады - Қазақстан темір жолы

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Әрбір халықаралық пойыз енді жеке дара атауға ие болады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Соған байланысты «Қазақстан темір жолы» компаниясы өзінің филиалдары мен еншілес компаниялары қызметкерлерінің арасында халықаралық бағыттарға атау беру бойынша байқау жариялаған болатын. Байқау барысында әділқазылар алқасына 217 ұсыныс келіп түскен.

Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз мынадай атаулармен жүретін болады: «Алматы -Үрімші» - Жібек жолы, «Астана - Санкт-Петербор» - Еуразия, «Қарағанды - Мәскеу» - Сарыарқа, «Астана - Киев» - Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы - Петропавл» - Жетісу.

«Халықаралық және облысаралық бағыттағы жайлылық деңгейі жоғары жолаушылар  пойыздары  Қазақстанның  тарихы,  географиясы, мәдениеті немесе Қазақстанның  салт-дәстүріне байланысты  жеке  атауларға  ие болуы қажет. Алғаш рет 2010 жылы «Астана-Мәскеу» бағытында қатынайтын №71/72 «Қазақстан» пойызы жеке атауға ие болады. Дәл осы жылы «Алматы-Мәскеу» халықаралық бағытында қатынайтын №7/8 тағы бір пойызға  «Алатау»  деген атау қойылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар