12:47, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Әрбір қазақ қазақша сөйлеуі керек - Үкімет басшысы
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақ тілін дамыту мәселесі маңызды саналады.

Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік тіл мәселесі өте маңызды. Мен үш жыл бұрын қазақша нашар сөйлейтінмін. Алайда, Премьер-Министр ретінде басқаларға үлгі болып, қазақша сөйлей бастадым», - деді Үкімет басшысы.
Атап айтқанда К. Мәсімов еліміздегі әрбір ұлттың өкілдеріне қазақ тілін игеруге байланысты түсіндіру шараларын жүргізу керектігін жеткізді.
«Сол себепті, менің ойымша, әрбір қазақ қазақша сөйлеуі керек, сонымен бірге Үкімет мүшелері де қазақ тілінде сөйлеуі тиіс», - деп қадап айтты Премьер-Министр.