Әрбір өңірде азық-түлік нарығының кемінде 3 сегментін ұйымдастыру қажет - Ә.Бектаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір өңірде азық-түлік нарығының кемінде 3 сегментін ұйымдастыру қажет. Бүгін саяси партиялар арасындағы телепікірсайыс барысында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев осылай деді.

«Аграрлық секторда инновациялық ұтымды жобалар өте көп. «Ауыл» партиясының бастамасымен соңғы 2 айдың көлемінде «Гүлденген ауыл» акциясы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты - ауылдағы жаңа инновациялық бағдарламаларды, жобаларды жарыққа шығару, насихаттап, өмірге енгізуге ат салысу», - деді ол.

Осы ретте Ә.Бектаев бүгінгі күні партия 20-ға жуық жаңа жоба талқыланып жатқанын атап өтті.

«Соның бірі ретінде қазіргі ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру мәселесі бойынша жасалып жатқан жобаны айтқым келеді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру шашыраңқы түрде, жеткіліксіз ұйымдастырылып жатыр деуге болады. Біздің ойымызша, әрбір өңірде азық-түлік нарығының кемінде 3 сегментін ұйымдастыру қажет. Ол астық сегменті, мал шаруашылығы сегменті және көкөніс сегменті болуы керек. Соған байланысты қаржы бағытталып, инфрақұрылымдар салынуы тиіс», - деді Ә.Бектаев.

Соңғы жаңалықтар