Ардагер А.Максимов Мемлекет басшысына көрсетіп жатқан құрметі үшін үлкен алғыс білдірді
Қарт майдангердің айтуынша, ол соғысқа 17 жасында аттанған екен.
«Алдымен, 1944 жылы мен Улан-Удэ қаласына ұшақ жөндеуші механиктің курсына жіберілдім. Оны бітірген соң Германияға далалық аэродромға аттандым. Жау ұшақтары біздің аэродромды күн сайын бомбалайтын. Немістер оны талай рет басып алуға күш салды. Бірақ әр кез жау шабуылына тойтарыс беріп отырдық», - деді А. Максимов.
Ол Қазақстанға 1957 жылы келіпті. Келген соң құрылыста талай жыл жүргізуші болып еңбек еткен.
«Биыл мамыр айында мен 88 жасқа толамын. Бізді билік ешқашан ұмытқан емес. Тек 9 мамырда ғана емес, басқа уақытта да әр кез көмек көрсетіп тұрады. Бұл үшін бірінші кезекте Елбасына ризамын. Біз Қазақсанның бүгінде өз алдына тәуелсіз ел болып өркендеп жатқанына ерекше қуанамыз. Біздің ел әлем жұртшылығына бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсетуде», - деп сөзін аяқтады А. Максимов.