07:47, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Ардагерлерге «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Павлодар облысы» атты алғашқы дискілер берілді
ПАВЛОДАР. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше, маусымның 22-сі күні облыстағы құжаттама және мұражай басқармасында ардагерлерге «1941-1945. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Павлодар облысы» атты лазерлік дискілер берілді.

Аймақтағы барлық ардагерлер электронды мультимедиялық анықтама алады.
Диск ішінде ардагерлер соғысқа қатысушылар арасындағы өз суреттері мен есімдерін оқи алады, жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері туралы деректі хабарламалар көріп, әскердегі еңбеккерлер туралы ақпаратты біледі. Арнайы бет павлодарлық жауынгерлер - Кеңес Одағының Батырларына арналған.