Ардақ Мәдиев ШҚО Кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы болып Ардақ Мәдиев тағайындалды.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ардақ Еділұы 1969 жылы 28 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастаған.
1994-2000 жылдары осы министрлікте түрлі лауазымдарда, 2000-2004 жылдары ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген.
2004 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған. Ал 2018 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры болып еңбек етті.