Ардақ Теңгебаев Есеп комитетінің мүшесі болды

Ардақ Теңгебаев 1971 жылы туған.
Жоғары білімді, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылықты талдау» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Қайнар» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазагорпромбанктің» Торғай филиалының маманы болып бастаған.
Салық органдарында 1997 жылдың сәуірінен істей бастады. Салық органдарында ол салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, Алматы қалалық салық комитетінің басқарма басшысы болды.
2000-шы жылдың сәуірінен бастап, 2002 жылдың тамызына дейін Салық комитетінің Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша аудит бөлімінің бастығы, 2002 жылдың тамызынан, 2003 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласының Салық жинау басқармасының бастығы болды.
2003 жылдың ақпанынан 2004 жылдың қазанына дейін Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы болды.
2004 жылдың қарашасынан 2005 жылдың қыркүйегі аралығында Салық комитетінің «Ақпараттық технологиялар паркі» бөлімінің бастығы, 2005 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Салық комитетінің төрағасы болды.
2007 жылдың тамызынан 2009 жылдың мамыры аралығында Маңғыстау облыстық Салық департаментінің бастығы, 2009 жылдың мамырынан 2010 жылдың сәуірі аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің арнайы мамандандырылған басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2010 жылдың сәуірі мен 2012 жылдың қарашасы аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болды.
2010 жылдың сәуірі мен 2012 жылдың қарашасы аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР Қаржы вице-министрі лауазымында болды. Оған дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.