Ардақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілері табысталды - Көкшетау

КӨКШЕТАУ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Бүгін Көкшетау қаласының әкімі Мұнарбек Батырханов облыс орталығында тұрып жатқан бір қатар көп балалы аналардың омырауына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерін қадап, гүл шоқтарын табыстады.
None
None

Елбасының ағымдағы жылғы қыркүйек айындағы Жарлығымен Көкшетау қаласы бойынша жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген 288 ана «Алтын алқа» төс белгісінің иегері атанды. Бүгін олардың әрқайсысына қошемет көрсетіліп, «Достар» мәдениет үйінде салтанатты жағдайда марапаттау жасалды. Олардың қатарында халық шаруашылығында көп жылдар бойы жұмыс істеп, бүгінде балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көріп жүрген Сәлима Абаева, Жібек Әменова, Қайыркен Бегімова, Майраш Иманбаевалар бар. Ал, алты бала туып, өмірге жолдама берген Жаңыл Әпенова, Несіп Балтабаева, Вахида Ганиева, Айша Құрманбаева күмістен алқа тақты. Кездесу соңы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар