Аргентина әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысына берілген жетінші жолдамаға ие болды.

Аргентина футбол құрамасы
Фото: © REUTERS/ Andres Cuenca

Іріктеу кезеңінде аргентиналық футболшылар 14 ойыннан кейін 31 ұпай жинады. Оңтүстік Америка құрлығынан дүбірлі додаға тікелей алты жолдама бөлінген. Қалған ойындарда жеңілген жағдайда да олар алтыншы орыннан төмен түспейді.

Сондай-ақ аталған құрлықтан қалған жолдамаға Эквадор, Уругвай, Бразилия, Парагвай, Колумбия құрамалары үміткер болып отыр. Алда төрт турдың ойындары қалды. 

Қазірге дейін әлем чемпионаты финалдық сатысына ұйымдастырушылар ретінде АҚШ, Мексика, Канада жолдама алса, іріктеу кезеңінде олардың қатарына Жапония мен Жаңа Зеландия қосылды. 

Қазақстан құрамасы аталған додаға Еуропа құрлығы бойынша қатысып жатыр. Олар іріктеу турнирінде Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен бірге J тобында бақ сынайды. Алғашқы екі ойыннан кейін үш ұпаймен үшінші орында тұр. Алдымен сырт алаңда Уэльске 1:3 есебімен жеңілсе, одан кейін Лихтенштейнді 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар