Аргентина Қазақстанның халықаралық алаңдардағы бастамаларын барынша қолдап келеді - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау жасап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Аргентина Сыртқы істер министрі Эктор Тимерманның кездесуінен кейін белгілі болды.
None
None

«Екі ел бір-бірін дәстүрлі түрде халықаралық алаңдарда қолдап келеді. Осы орайда Аргентина министріне Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау жасағаны үшін алғысымды айтамын»,- деді Е. Ыдырысов.

Бұдан бөлек, Аргентина тарапы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үдерісін қолдауды жалғастырмақ.

Министрдің сөзіне қарағанда, тараптар келіссөздер барысында екі ел арасында ауыл шараушылығы саласында, аграрлық ғылым, өндіру саласында, әсіресе, қайта өңдеу, машина құрылысы саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар атом өнеркәсібі салысындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі сөз болды.

«Біз сауда-экономикалық келісімге қол қою мәселесін зерттеуге келістік. Оның аясында екіжақты сауда-экономикалық комиссия формасында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық кеңестердің тетігін құру қарастырылуда. Менің аргентиналық әріптесім биылдың екінші жартысында Қазақстанға Аргентинаның ауқымды бизнес делегациясы сапарлайтынын растады», - деді ҚР СІМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар